Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан былтыр 116 мың га орманынан айырылды

Қазақстан былтыр 116 мың га орманынан айырылды
Фото: pixabay.com

Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, шығын көлемі 163 млрд теңгені құрап отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сыздықов не дейді?

Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, жыл сайын өрт қауіпті кезеңінде мыңға жуық орман және дала өрттері, халыққа, оның мүлкіне, табиғатқа қауіп төндіретін 4 мыңға жуық табиғи өрт оқиғалары орын алады.

– Еліміз тек өткен жазда 116 мың гектардан астам орманнан айырылды. Шығын көлемі – 163 млрд теңгеден асып жығылды. Соңғы бес жылдағы статистика көрсеткендей, орман өрттерінің саны артып барады. 2018 жылы бұл 358 болса, 2023 жылы 810 өрт оқиғасын құрап отыр, – дейді  Сыздықов.

Оның сөзінше, өрт шарпыған жердің ауданы да өсіп барады. 2022 жылмен салыстырғанда өрт ауданы 13 пайызға өсіп, залал 8 есе ұлғайған.

Орман кодексіне сәйкес, орман өрттерінің алдын алу және оларды сөндіру экология министрлігі мен әкімдіктердің құзыретіне кіреді. Бұл үшін олардың өз бөлімшелері бар. Төтенше жағдайлар министрлігі келісім шеңберінде орман өрттерін сөндіру үшін қосымша ресурс ретінде тартылады. 

Ормандағы алап өрт

Еске салайық, “Семей орманы” резерваты аумағында былтыр 8 маусымда өрт тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін жетті. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланған.

Абай өңіріндегі ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды. Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. Қаралы оқиғаға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Бас прокуратура орман өртінің шығуы себебі бойынша үш нұсқа тексеріліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өрті бойынша өз қызметіне салғырт қараған шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады