Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық әуе компаниясы дауыл кезінде ұшақты сәтті қондырды

Қазақстандық әуе компаниясы дауыл кезінде ұшақты сәтті қондырды
Фото: pixabay.com

Лондондағы “Хэнк” дүлей дауылы кезінде қазақстандық әуе компаниясы ұшағын сәтті қондырып, британиялықтарды таң қалдырды. Бірнеше күннен бері Англия мен Уэльсте көтерілген қатты жел мен нөсер жауын тұрғындарды жарықсыз қалдырып, су тасқыны көлік қатынасын үзгені белгілі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Лондонның Хитроу әуежайынан түсірілген көріністе отандық әуе компаниясының ұшағы аспанда тербеліп барып, жерге қонып жатыр. Оқиға куәгерлері пилоттың шеберлігіне таңданысын жасырмады.

Бұл соңғы үш айда тіркелген сегізінші табиғи апат. Оған “Хэнк” деген атау берілді. Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға дейін жетіп, халықты әбігерге салды. Шатырларды құлатып, ағаштарды түп тамырымен жұлып әкетті. Жеңіл көлік және теміржол қатынасы тоқтады. Су тасқыны туралы 250-дей ескерту жасалды, мыңдаған абонент жарықсыз отыр. Тұрғын үйлер судың астында қалып, халықтың өміріне қауіп төнді.

“Суға батып, қайта шыққан көлікті алыстан байқап қалдым. Кейін оның ағынмен жылжып, көпірдің астына тірелгенін көрдім. Көлік жүргізушісі әйел кісінің жан дауысы шықты. Ішінде 3 жасар қызы бар екен. Ойланбастан құтқаруға кірісіп, екеуін де сыртқа аман-есен шығардым”, - дейді оқиға куәгері, Бирмингем қаласының тұрғыны Лиам Стич.

Табиғи апаттың құрбаны болған және жарақаттанғандар бар. Ауа райын болжаушылар жағдайдың әлі де қауіпті екенін еске салады. Ғалымдар мұндай құбылыстардың жиі тіркелуін жердің бетіндегі орташа температураның артуымен байланыстырып отыр.

“2023 - тарихтағы ең жылы жылдардың бірі болды. Ауа температурасы рекордтық көрсеткішке жетті. Дауылдардың көбеюіне жаһандық жылыну себепші”, - дейді Ұлыбритания Метеорологиялық қызметінің аға ғылыми қызметкері Майк Кендон.

Мамандардың пікірінше, атмосферадағы көмірқышқыл газының деңгейі артып жатыр. Олар 2024 жыл тіпті ыстық болады деп болжайды. Өнеркәсіптік дәуір басталғалы дүниежүзі бойынша ауа температурасы цельсий бойынша шамамен 1,1 градусқа көтерілген. Егер әрбір елдің үкіметі климаттық өзгерістерге ерекше назар аудармаса, жағдай ушыға бермек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты