Ақмола облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігіне соғысып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, «ГАЗельдің» 20 жастағы жүргізушісі Қабанбай батыр ауылына бара жатқан. Қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, Астана қаласына бағыт алған жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы фельдшер, 73 жастағы науқас және екі жүргізуші ауыр жарақат алып, түрлі диагноздармен астаналық ауруханаға жатқызылды.
Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.