Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия: Риддер ЖЭО-сы коммуналдық меншікке беріледі

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия: Риддер ЖЭО-сы коммуналдық меншікке беріледі
Фото: ridder.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, ҚМА, БҚДА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Комиссия Риддер қаласындағы ЖЭО-ның айналасында қалыптасып отырған жағдайды қарастырды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өткен жылдың қазан айынан бастап станцияда бірқатар апат орын алып, соның кесірінен қала тұрғындарын жылумен және электрмен жабдықтауда іркілістер болғанын еске салды. ЖЭО-ның бұрынғы иелері оны жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына инвестиция салмағандықтан, станцияның техникалық жай-күйі әбден тозып бітуге айналған. 

Биыл Үкімет резервінен және облыс әкімдігінен бөлінген қаражат есебінен станцияның барлық 6 қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 3 қазандық бойынша іске қосу жұмыстары жүріп жатыр, тағы 3 қазандықты жөндеу жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

ЖЭО-ның жаңа меншік иесімен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша инвестор кәсіпорынның барлық қарызын өтеп, станцияны әкімдіктің коммуналдық меншігіне береді деген уағдаластыққа қол жеткізілді.

Премьер-Министр ЖЭО-ны жергілікті атқарушы органдардың балансына қабылдау үшін барлық қажетті ұйымдастару-құқықтық жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар отырыста Ақмола облысы аудандарының бірінде электр желілеріне иелік ететін жекеменшік кәсіпорынның жұмысы қаралды. Компания 20 мыңнан астам адам тұратын 38 ауылдық елді мекенді электр энергиясымен қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ меншік иесі ұзақ жылдан бері электр желілерін жөндемеген, соның салдарынан үнемі апаттық жағдайлар туындап, тұтынушыларға іс жүзінде қызмет көрсетілмеген.

Бүгінде электр желілерін пайдалану мен жөндеуді, сондай-ақ осы елді мекендердің тұрғындарын электрмен жабдықтауды табиғи монополияның басқа субъектісі уақытша жүзеге асырып жатыр.

Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға істің мән-жайын анықтап, кәсіпорын жұмысына құқықтық баға беру, энергетикалық инфрақұрылымды жеке меншікке берудің заңдылығын тексеру және тиісті ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты