Абай облысында түрме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Абай облысы ҚАЖ департаментінің №20 мекеме жедел бөлім қызметкерлері, аумақтық сыртқы периметрді бақылау барысында, мекеменің жедел бөлім қызметкерлерімен Б.Е. Рамазанов, М.Б. Ибраев, Е.Н. Мукажановтармен бірлесе 5511 Ұлттық гвардия 3 класстағы А. Сыдыковпен тыйым салынған затты лақтырмақ болған азамат Б. ұсталды.
Семей қаласы тұрғынын жеке тексеру барысында 1 скотч жапсырамсына оратылған орама табылды. Орамадан қара түсті, LG GX 500 телефон, 1 құлаққап, 1 қуаттандырғыш тоғы тәркіленді. Әңгіме барысында Семей қаласы тұрғынының Игорь есімді (есімі өзгертілген) сотталғанға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізгісі келгенін мойындады.
Ақмола облысының диқандары күздік бидай оруды бастады Safi Holding Қазақстанда қант зауытын салуды жоспарлап отыр– Сотталғандардың қамқор туыстары ескертулер мен түсіндірулерді ескерместен тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге тырысады. Енді Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жазаға тартылады, – деп атап өтті жедел бөлім қызметкері Әділет Нұрланұлы Кулатаев.