Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да соңғы айларда тұрмыстық-зорлық зомбылық фактілерін тіркеу саны артқан

СҚО-да соңғы айларда тұрмыстық-зорлық зомбылық фактілерін тіркеу саны артқан
Фото: polisia.kz

СҚО-да соңғы айларда тұрмыстық-зорлық зомбылық фактілерін тіркеу саны артқан, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавлда сот жанжалқор мен оның әйелін татуластырудан бас тартты. Мұның себебі заңнамаға енгізілген өзгерістер. Енді бір жылдың ішінде қайталап татуластыру алынып тасталды.

Сәуір айында Петропавл тұрғыны полицияға хабарласып, үйде жанжал шығарған күйеуінен қорғауды сұраған. 31 жастағы қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс болатын. Алайда сот отырысында әйелі күйеуінің түзелемін деген уәдесіне сеніп, татуласқан. Тәжірибе көрсеткендей, көп ұзамай жанжалқор өз сөзінде тұрмаған. Шілде айында осы отбасыдан полицияға кезекті шақырту түскен. Әкімшілік өндіріс жүргізу барысында ер адам масаң күйінде үйінде тағы да жанжал шығарып үлгерген. Әйелі бұл жолы да татуластыруды сұраған. Алайда 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа заңнамалық нормаларға сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша жыл бойы тек бір рет қана татуласуға болады. Сот қаулысына сәйкес жасалған әр отбасылық жанжалы үшін құқық бұзушыға қатысты 5 тәуліктен әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

– Осы уақытқа дейін тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестегі басты мәселе жәбірленушілердің құқық бұзушымен татуласуға дайын тұратындығы болды. Бұл жанжалқорларды жақындарына қатысты қайталап жанжал шығаруына итермелеп қана қоймайды, сонымен қатар мәселенің шешімін табуына кедергі жасайды. Полиция қызметкерлері шілденің 1-нен бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін тіркеудің арыз жазу сипатынан анықтау сипатына көшіп жатыр. Шақырту бойынша келген қызметкерлер зорлық-зомбылық белгілері нақты көрінген жағдайда өтініш жазылмаса да құқық бұзушылықты тіркеуге құқылы. Бұл отбасылық қысымның құрбандарына үйдегі жанжалқорлардан алған қорқыныштарын жеңуге көмектеседі. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында облыста 830 хаттама толтырылса, шілде мен тамыз айлары ішінде 583 факті тіркелді, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Осылайша, бұрындары көп шақыртулар өтініш жазудан бас тартумен аяқталса, енді құқық бұзушылар жауапкершіліктен құтыла алмайды. Полицейлердің айтуынша, жазаны қатаңдату отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерін айтарлықтай төмендетуге септігін тигізетін фактор болмақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді