Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үндістандық ірі әуе компания Дели-Алматы бағытында төте рейс ашады

Үндістандық ірі әуе компания Дели-Алматы бағытында төте рейс ашады
Фото: pixabay.com

Мәдениет және спорт министрлігі және "Kazakh Tourism ҰК" АҚ қолдауымен үндістандық IndiGo ірі әуе компаниясы "Дели - Алматы - Дели" рейсін ашады. Бұл бағыт бойынша тасымал қыркүйек соңында басталып, ұшақтар аптасына үш рет ұшатын болады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына  сілтеме жасап.

Бұл рейс әуе компаниясы үшін 32-ші халықаралық төте бағыт болады, ал жалпылай IndiGo Үндістанның және әлемнің 75 ірі қаласына рейстер жасайды. Сонымен қоса, әуе компаниясында өзінің код-шерингті серіктері арқылы Еуропа мен Солтүстік Амеркиада үлкен желісі бар.

Биыл IndiGo британиялық SkyTrax консалтингтік компаниясының тұжырымы бойынша қатарынан үшінші рет "Үндістан мен Оңтүстік Азияның ең үнемді әуе компаниясы" атағын жеңіп алды.

"Шетелдік компаниялардың Қазақстанға қызығушылығы артуда. Мәселен, осы жазда омандық Salam Air "Алматы - Маскат" бағытында аптасына екі рет ұшатын рейс ашты. Сонымен бірге, Катар, Мысыр және Қытайға рейстер саны артты", - дейді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуллаева.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты